«НАРКЕСКЕН» ӘДЕБИ КЛУБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

2023 жылғы 5 желтоқсанда Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің ұйымдастыруымен «Наркескен» әдеби клубының тұсаукесер рәсімі өтті. Аталған жиынға филология ғылымдарының докторы, профессор Имангазинов Мұратбек Мубыракханұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Аңсабаев Дүйсен Сандыбайұлы және белсенді білімгерлер қатысты.

Жиын барысында сөз алған қонақтар жаңадан шаңырақ көтерген ұйымға ақ батасын беріп, ізгі ниет-тілектерін ортаға салды. Өнерлі жастарды демейтін тың бастамаға сәттілік тіледі. Кездесуде «Наркескен» әдеби клубының бас тәлімгері ретінде –  Мүлік Дәулеткерей, көркемдік кеңесшісі ретінде – Сайлаухан Қажыбекұлы сайланды. Сондай-ақ, клуб жетекшісі – Сейтқұл Мирас ант беріп, ресми түрде ұйым жұмысын бастады.

Шарада клуб кеңесінің мүшелері сөз тізгінін алып, жыр жолдарын оқыды. Әдеби бірлестікті дамыту жайында пікір алмасып, алдағы уақытта орындалатын жұмыстарға тоқталып өтті. Сонымен қатар, Наркескеннің алғашқы мүшелеріне естелік сыйлықтар табысталды. Кездесу қорытындысын «Атамұра» күйшілер тобы қойды.

«Наркескен» әдеби клубы жоспарға сай жұмыс атқара отырып, өлеңге жаны құмар жастарды өз қатарына қабылдай бермек. Ұйым жұмысы жайында әлі де хабарландыру болады.