Таза сессия-білім беру ортасындағы адалдық пен ашықтық

Алдағы қысқы сессия аясында жаратылыстану оғары мектебінің оқытушы-ассистенті Қ. Р. Жақпаев «Таза сессия» бастамасына арналған Фпқ 311 тобымен әңгіме сабақ өткізді.»Таза сессия» – бұл оқу орындарындағы сессия (емтихан өткізу кезеңі) кезінде адалдық пен академиялық тазалықты қамтамасыз етуге бағытталған бастама. Ол әділ емтихандар өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға және Академиялық этиканың жоғары стандарттарын сақтауға арналған. «Таза сессияның» мақсаты-емтихан тапсыруға байланысты алаяқтықтың немесе тәртіпсіздіктің кез-келген түрін болдырмау және студенттердің оқу процесіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.