Дәріс

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ДӘРІС ӨТКІЗДІ.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сайлаубай Наурыз Саятұлы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің құқық саласы бойынша білім беру бағдарламасының студенттеріне «Мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық негіздері» тақырыбында дәріс өткізді. Дәрістің басты мақсаты студенттерге мемлекеттің қаржылық қызметінде туындайтын қаржылық құқықтық жауаптылық мәселелерін талдау, қаржылық құқықтық саясатты жүргізу қабілетін дамыту, кəсіби қызмет барысында білімін қолдану қабілеті, қаржылық экономикалық қызметін жоспарлау қабілетін дамыту, қаржылық талдауды жүзеге асыру қабілетін жетілдіру болып табылады. Студентерге қаржы және бюджет саласындағы құқықтық актілерді қолдану маңызы қарастырылды. Сонымен қатар студенттерге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің қызметіндегі заң жобалары мен қаржы және бюджет саласындағы құқықтық актілердегі өзгерістер мен толықтырулар жайлы ақпарат берілді. Дәріс соңында студенттер өз сұрақтарын қойып жауаптарын алды.