Семинар

2024 жылғы 20 ақпанда ғылым және ғылыми жобаларды коммерцияландыру бөлімінің сарапшысы А. Камбарова ПОҚ және жоба жетекшілері үшін семинар өткізді. Семинардың тақырыбы: «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің (бұдан әрі – ҒҒТҚН) нәтижесін тіркеуге өтінім әзірлеу». Семинар қатысушылары ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің (ҒҒТҚН) нәтижесін тіркеуге өтінім әзірлеп, Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығында (ҰМҒТСО) тіркеуді үйренді. Бұл болашақта жоба жетекшілеріне коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурстарға қатысуға мүмкіндік береді.