Педагогикалық практика қорытынды конференциясы

  21.02.2024 ж. Жаратылыстану жоғары мектебінің «Педагогикалық информатика» білім беру бағдарламалары 6B01505-Информатика, 6B01502-Математика-Информатика, 6B01504-Физика-Информатика 3 курс ИПҚ311, МИҚ311, ФИҚ311 топ білімгерлерімен педагогикалық практикадан өткендігі туралы қорытынды конференциясы өтті.

Конференцияға ББ жетекшісі Ж. Жиембаев, практика әдіскерлері А.Алдабергенова,  Н.Ермекова, К.Забиева, А.Қабытаев және  білімгерлер қатысты. Сөз кезегі білімгерлерге беріліп, олар практика қорытындысы туралы есеп берді. ББ жетекшісі Ж. Жиембаев білімгерлерлердің практикасын жоғары бағалады.