ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

Бүгін Жетісу университетінің №323 аудиториясында «Таза сессия: жемқорлық қоғам дерті» тақырыбында жемқорлыққа қарсы арнайы кураторлық сағат ұйымдастырылды. Оған журналистика мамандығының ЖҚ111-112 білімгерлері қатысты.

Сессия – студенттердің семестр сайынғы оқып, игерген білімдерін қорытындылап, таразыға салатын сынақ түрі. Оны университеттің академиялық саясатына сай өткізу әрбір білім алушының бұлжытпас борышы.  Міне осы жөнінде оқытушы-дәріскер Ілескен Әлбатырұлы жан-жақты түсіндіріп, адал біліммен, маңдай тердің жемісін көруді айқындап берді. Әр білімгер академиялық адалдықты сақтай отырып, сессия барысында жемқорлыққа жол бермеу және оның алдын алулары шарт.  Өзін-өзі еркін басқара алатын студент қоғам дертіне қарсы іс-қимылды жүзеге асырып, ел болашағына жұмыс жасауға міндетті.

– Өткен бірінші семестрдің қортындысы бойынша өте жақсы нәтиже жараттым. Алыпқашпа сөздерге сенбей өз күшіммен емтихан тапсырып, шәкіртақымды қорғадым. Биылғы сессияға да толықтай дайынмын. Алған білімімді 100 пайыз дәлелдей  аламын,-дейді Ақбота Әзімбаева.   

 Бүгінгі күні оңай жолмен  шешілген мәселе ертеңгі күннің қараңғы болуы мен мәңгі  опық жеуге әкеп соғары сөзсіз. Сондықтан, жемқорлықсыз болашақ — бүгіннен басталуы тиіс.