Open Talks: «Жоба: бастауыш білім беруде ағылшын тілі мұғалімдерін даярлау перспективасы».
Ғылым айы аясында 2024 жылдың 24 сәуірінде Педагогика және психология Жоғары мектебінің ұйымдастыруымен ғылыми-практикалық семинар өтті. Іс-шараның мақсаты бастауыш білім беруде ағылшын тілі мұғалімдерін даярлау перспективаларын талқылау болды. Семинар Open Talks форматында өтті. Спикерлер ретінде педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ қауымдастырылған профессоры А.С. Серкебаева 6В01305 «Бастауыш білім ағылшын тілінде» білім беру бағдарламасын жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті. Педагогика ғылымдарының докторы, доцент, Өзбек педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі Р.М. Медетова, Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, психология ғылымдарының кандидаты М. М. Байбекова, сондай-ақ басқа да мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға №12, 14, орта мектептердің сонымен қатар 125High School жұмыс берушілері мен ағылшын тілі мұғалімдері қатысып, бастауыш білім беруде ағылшын тілі мұғалімдерін даярлау бастамасына қолдау білдірді.