ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO- 2024

2024 жылдың 25-26 сәуірінде Астанада «ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO- 2024» Ұлттық кубок чемпионат лигасы өтті. Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен колледждер мен ЖОО студенттері, сондай-ақ бизнес және білім беру саласындағы көшбасшылар жиналды. Әлем бойынша БҰҰ-ның 17 Тұрақты даму мақсатына қол жеткізуге бағытталған әлеуметтік-кәсіпкерлік, экологиялық және инновациялық бизнес жобаларын ұсынатын айтулы оқиға. Аталған чемпионатта «Enactus – Zhansugurov Gollege» командасы еліміздегі жоғары оқу орындары мен колледждерінен келген 202 тәжірибелі командалардың арасынан жартылай финалға өтіп, жетекші 16 команда ішінен «World Cup» Ұлттық кубок чемпионат лигасында «Silkroad» жобасымен екінші орынды жеңіп алды.
Жоғары оқу орындары арасынан үздік деп танылған «Enactus – Zhansugurov Gollege» командамызды мақтан тұтып, құттықтау мақсатында «Zhansugurov Gollege» ұжымы мен студенттері Жеңімпаздарды салтанатты түрде қарсы алды.
Озық идеялар жаңа жетістіктерге жетелейді, ал сәтті жобалар бұдан да жарқын істерге ынталандыру болып табылады.