ГЕОГРАФТАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДАЛАЛЫҚ ОҚУ-ІС ТӘЖІРИБЕСІ

6В01509 – «География» БББ 1,2 курс  студенттері Мұқыры өзені аңғары (Мұқыры және Лабасы тауалды жазығы) – Ақсай шатқалы (Іле-Алатауы Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі) – Қапшағай су қоймасы (Іле өзені) маршруты бойымен жазғы далалық оқу-іс тәжірибесін өткізді. Оқу-іс тәжірибесі барысында студенттер Мұқыры өзені аңғарындағы Палеозой (PZ) эрасындағы Перм кезеңіндегі (P) брахиопад теңіз микроағзаларының тас бетіндегі таңбаларымен; жер бетіне шығып жатырған Мұқыры тас көмір кенінің қимасымен; Ақсай шатқалының геологиялық құрылымы мен жер бедерінің; таулы-аңғарлы аумақтың жергілікті климатының қалыптасу ерекшеліктерімен танысты. Топырақ және өсімдік жамылғысын зерттеді.  Топырақ шурфын жасап, лабораториялық талдау масатымен әр қабатының үлгілерін жинады; геоботаникалық алаңшада өсімдік жамылғысының проективті жабындысы бойынша тығыздығының,  биіктігінің өлшемдерін жасап, гербарий жинады. Табиғи аумақтық кешеннің ландшафттарының физикалық-географиялық сипаттамасын жасады. Осы Іле-Алатауы МҰТП аумағының субальпілік зонасында орналасқан емдік-демалыс зонасының  шаруашылығығымен танысып, табиғи ландшафттарды тиімді жоспарлаудың;  Іле өзенінің Қапшағай су қоймасының қоршаған ортаға антропогендік әсерлерінің салдарымен және стратегиялық маңыздылығымен танысты.