ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы аясында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесуде Сенат төрағасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда айтқан басым бағыттарын түсіндіріп, референдумға қатысты өзекті мәселелерді және энергетика саласын дамыту перспективаларына тоқталды.
«Бүгінде халықтың тұтыну қажеттілігін өтеп отырған көмір электр стансаларының жағдайы сын көтермейді, басым бөлігі әбден тозған. Қазірдің өзінде елімізде энергия тапшылығы орын алып, сенімді және таза қуат көздерінің қажеттілігі артып отыр. Шын мәнінде, атом энергиясының әлеуеті зор. Қазір ол бүкіл әлемде белсенді қолданылып келеді», – деді Палата Спикері. Болашақ иесі жастар. Олар жақсы өмір сүру үшін АЭС салудың маңызы зор екенін айта келе, Сенат төрағасы жастарды референдумға белсенді қатысуға шақырды.