«Таза табиғат – таза ой, таза өмір»

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-ассистенті А.Абден «Таза табиғат – таза ой, таза өмір» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Студенттерге қоршаған ортаның тазалығының маңызын түсіндіру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және әрбір азаматтың табиғатқа жанашырлықпен қарап, болашақ ұрпаққа таза, көркем ел қалдыруға үлес қосуы керектігін ұғындыру.
Тәрбие сағаты барысында табиғатты қорғауға арналған видеоматериалдар көрсетіліп, пікір алмасу ұйымдастырылды. Студенттер экология тақырыбында өз ойларын ортаға салып, табиғатқа деген көзқарастарын білдірді.

AI Assistant