Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-дәріскері К. Джанабаев пен оқытушы-ассистенті А. Жаңабай «Әскери-патриоттық клубтар арқылы болашақ Отан қорғаушы жастарды тәрбиелеу әдістемесі» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді.
Семинар барысында әскери-патриоттық тәрбие берудің маңызы, клуб жұмысының тиімді әдістері мен жастар арасында патриоттық рухты қалыптастыру жолдары талқыланды.
Семинар мақсаты: Болашақ Отан қорғаушыларды тәрбиелеуде әскери-патриоттық клубтардың рөлін арттыру, әдістемелік тәсілдерді жетілдіру және тәрбие жұмысын жүйелеу.

