2025 жылғы 3 маусымда Дене шынықтыру және өнер факультеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздер – менің мақтанышым» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара барысында ҚР Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранының тарихы мен мағынасы, авторлары, және олардың тәуелсіздік символы ретіндегі орны талқыланды. Студенттер рәміздерге деген құрметі мен патриоттық сезімдерін білдіріп, ой-пікір алмасты.
Мақсаты:
Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу және ұлттық сананы қалыптастыру.

