ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ ДЕПАРТАМЕНТІ

Департаменттің мақсаты – университеттің негізгі ғылыми бағыттары аясында ғылыми-зерттеу және ғылыми-инновациялық жұмыстарды жүргізу үшін ғылыми әлеуетті тиімді пайдалану.

ДЕПАРТАМЕНТТІҢ МІНДЕТТЕРІ:
ҚЫЗМЕТТЕРІ
ЖЕТІСТІКТЕР
«ЖОО үздік оқытушысы-2022»

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушыларына ф-м. ғ. к., жаратылыстану және техникалық ғылымдар бойынша білім беру бағдарламаларының қауымдастырылған профессоры (доценті) Рахимбеков Айтбай Жапарұлына және қаржы және қызмет көрсету саласындағы білім беру бағдарламаларының қауымдастырылған профессоры (доценті) Шомшекова Балхияға "2022 жылғы ЖОО-ның үздік оқытушысы" атағы берілді! Олардың әрқайсысы 6 млн. теңгеден астам сомада ақшалай сыйлық алды. "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағы – оқытушылардың жоғары кәсібилігін, олардың жаңашылдығы мен инновациялық әлеуетін, педагогикалық және ғылыми қызметінің нәтижелілігін растайды.

Ғылым саласындағы атаулы сыйлық және 2022 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендия

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ғалымдары П.ғ. к., профессор Ыбыраимжанов Калибек Турдыгазыұлына және философия докторы, қауымдастырылған профессор (доцент) Нұрмұханқызы Данияға ғылым саласындағы атаулы сыйлық және 2022 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендия берілді.

Гранттық қаржыландыру жобалары

Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру шеңберінде 2022 жылы 99,2 млн. теңге сомасына 8 жоба орындалады.

Оның ішінде "Білім және ғылым саласындағы зерттеулер" және "Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер" басым бағыттары бойынша 2020-2022 жылдардағы ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық жобалар бойынша МФ жобалары жалпы сомасы 83,5 млн.теңгеге 5 жоба іске асырылуда.

2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша МФ "Білім және ғылым саласындағы зерттеулер" басым бағыты бойынша 59,9 млн.теңге сомасына 1 жоба іске асырылуда.

2022-2024 жылдарға арналған "Жас ғалым" жобасы бойынша "өмір және денсаулық туралы ғылым" және "жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер" басым бағыттары бойынша 37,8 млн.теңге сомасына 2 жоба іске асырылуда.

«JAS GALYM 2021-2022» байқауы

2022 жылғы 1 желтоқсанда жобаларды қорғау байқауы өтті. Конкурсқа 20 өтінім берілді, формальды белгілері бойынша 4 өтінім қабылданбады, тыңдау үшін 16 өтінім іріктелді, оның ішінде 8 жоба мақұлданды және іске асыру мерзімі 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі қаржыландыру сомасы 12 млн теңгені құрады.

2022 жылғы 13 желтоқсанда "jas ǵalym 2023"жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жеңімпаздарын марапаттау өтті.

Университет ПОҚ жарияланымдық белсенділігі

2022 жылы барлығы 487 ғылыми мақала жарияланды (2021 ж. - 263), оның ішінде 2 мақала Web of Science ДБ, 49 – Scopus ДБ, 168 – РҒДИ (РИНЦ), 76 – БҒСБК тізіміндегі журналдарда, 166 – ЖУ хабаршысы, 27 – басқа да ғылыми журналдарда жарияланды.

"ЖУ Хабаршысы" ғылыми журналында жарияланған ғылыми мақалалар

2022 жылы ЖУ хабаршысы ғылыми журналында 202 мақала жарияланды.

2022 жылы 4 халықаралық және 7 республикалық конференция өткізілді

2022 жылы конференция материалдарының жалпы жинағында 672 мақала жарияланды (2021 жылы 357 мақала).

Басқа ғылыми журналдарда жарияланған ғылыми мақалалар

2022 жылы басқа ғылыми журналдарда 22 мақала жарияланды (2021 ж. – 20 мақала).

Жарияланған монографиялар

2022 жылы университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы 19 монография жариялады.

Университеттің ПОҚ патенттері мен авторлық куәліктері

2022 жылы 7 патент және 114 авторлық куәлік алынды (2021 жылы 4 патент және 111 авторлық куәлік).

"ЖОО үздік оқытушысы - 2021" байқауы

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы — 2021"жеңімпаздарын марапаттады.

І.Жансүгірова атындағы Жетісу университетінің оқытушылары  Тасболатова Рыскүл Байтұрсынқызы, Алдабергенова Айгүл Оңалбекқызы, Жақыпбекова Мамиля Тургамбайқызы және Бекежанов Дәурен Нұржанұлы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021" республикалық байқауында жеңіске жеткені үшін Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қолынан марапатқа ие болды. "ЖОО-ның үздік оқытушысы-2021" атағын алған әрбір жеңімпаз 2000 АЕК (6 млн теңге) мөлшерінде төсбелгі мен сыйақы алды.

Гранттық қаржыландыру жобалары

Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру шеңберінде 2020-2022 жылдары 194,7 млн. теңге сомасына 6 жоба орындалуда.

«JAS GALYM 2021-2022» байқауы
Add Description Here
Университетіміздегі ПОҚ-тың жарияланым белсенділігі

2021 жылы барлығы 270 ғылыми мақала жарияланды (2020 ж. - 490), оның ішінде 7 мақала Web of Science ДБ, 41 – Scopus ДБ, 96 – РҒДИ (РИНЦ), 50 – БҒСБК тізіміндегі журналдарда, 54 – ЖУ хабаршысы, 22 – басқа да ғылыми журналдарда жарияланды.

"ЖУ Хабаршысы" ғылыми журналында жарияланған ғылыми мақалалар

2021 жылы ғылыми журналда ЖУ хабаршысында 54 мақала жарияланды.

2021 жылы 3 халықаралық, 5 республикалық конференция өткізілді

2021 жылы конференция материалдарының жалпы жинағында 357 мақала жарияланды (2020 жылы 502 мақала).

Басқа ғылыми журналдарда жарияланған ғылыми мақалалар

2021 жылы басқа ғылыми журналдарда 22 мақала жарияланды (2020 ж. – 62 мақала).

01 Jan 2020
Extra Label
Жарияланған монографиялар

2021 жылы университеттің профессорлық оқытушылық құрамы 27 монография жариялады.

Университеттің ПОҚ патенттері мен авторлық куәліктері

2021 жылы 2 патент және 111 авторлық куәлік алынды (2020 жылы 5 патент және 82 авторлық куәлік).

2020
Гранттық қаржыландыру жобалары

Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру шеңберінде 2020 жылы 50,1 млн. теңге сомасына 10 жоба орындалуда.

«JAS GALYM 2020-2021» байқауы

2020 жылы «JAS GALYM 2020-2021» байқауы өткізілді.

Университетіміздегі ПОҚ-тың жарияланым белсенділігі

2020 жылы барлығы 480 ғылыми мақала жарияланды (2019 ж. - 583), оның ішінде 11 мақала Web of Science ДБ, 34 – Scopus ДБ, 55 – РҒДИ (РИНЦ), 256 – БҒСБК тізіміндегі журналдарда, 86 – ЖУ хабаршысы, 52 – басқа да ғылыми журналдарда жарияланды.

"ЖУ Хабаршысы" ғылыми журналында жарияланған ғылыми мақалалар

2019 жылы І.Жансүгіров атындағы «Жетісу университетінің Хабаршысы» журналына мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлік алынды.

2020 жылы 1 халықаралық, 8 республикалық конференция өткізілді

2020 жылы жалпы конференция материалдар жинағында 502 мақала жарияланды (2019 ж – 457 мақала). Оның ішінде 86 мақала халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағында, 416 республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағында жарияланды.

Басқа ғылыми журналға жарыққа шыққан ғылыми мақалалар

2020 жылы басқа ғылыми журналдарда 52 мақала жарияланды (2019 ж. – 60), оның ішінде шетелдік ғылыми журналдарда – 26 мақала, ұлттық ғылыми журналдарда – 26 мақала

Жарияланған монографиялар

2020 жылы университеттің профессор-оқытушылар құрамы 19 монография шығарды.

Университет ПОҚ патенттері және авторлық куәліктері

Зияткерлік меншік құқығын растайтын құжаттар санының өсуі байқалады. 2020 жылы 6 патент және 81 авторлық куәлік алынды.

БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР​

Карашолакова Лаззат Наушабаевна

Департамент директоры

 +7 (728) 222 17-79 ;
Ішкі (1155)
 karasholakova.lazzat@mail.ru

Толығырақ

Абайдельданова Меруерт Кебековна

Ғылымметрия және ғылыми кадрларды даярлау бөлімінің басшысы

+7 (728) 222 17-79 ;
Ішкі (1155)
meruert.abaydeldanova@mail.ru

Толығырақ

Байбекова Әсем Қабылқаққызы

Маман

 +7 (728) 222 17-79 ;
Ішкі (1193)
 gylym.zhu@gmail.com

Толығырақ