Жетісу университетінің қыздар командасы жүлделі ІІ орын иеленді

Түрікстан қаласында өтіп жатқан ҚР жоғары оқу орындары арасындағы XIII жазғы Универсиадада спорттың Жеңіл атлетика түрі бойынша Жетісу университетінің студенттерінен құралған команда жеңімпаздар қатарынан көрінді.

⚜️ Екі күнге созылған тартысты сайыста команда мүшелері мықты өнер көрсетіп, Универсиада жеңімпазы атанды.

⚜️ Жетісу университетінің қоржыны
5 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен толықты.

⚜️ Универсиаданың Жеңіл атлетика бойынша қорытындысында Жетісу университетінің қыздар командасы жүлделі ІІ орын иеленді. Біліммен бірге спортты жандарына серік еткен спортшы студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз. Жетісу университетінің ғана емес, Жетісу облысының абыройын асқақтатқан студент спортшылар бұдан да биік белесті бағындырады деп сенеміз.

ЦУР #SDG #ТДМ