Маусым айының 12-сі күні «Zhansugurov college»-нің алтын қорына айналған түлектеріміз бен оқу ордасын биік деңгейге көтеріп жүрген оқытушылар қауымымен Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы — Ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Бөрібаев Ермек Әбілтайұлымен кездесу өтті. Еңбегімен дараланған оқытушыларымыз бен табысты әрі белсенді түлектерімізді Ермек Әбілтайұлы құттықтап ризашылығын білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады.
Университет пен колледж түлектері арасындағы байланыс әрдайым үзілмей, одан әрі беки берсін!

