«ЕРЛІК» әскери-патриоттық клубы

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – басты міндет!
2025 жылдың тоғызыншы қыркүйек күні «ЕРЛІК» әскери-патриоттық клубының ұйымдастыруымен жастар арасында патриоттық сана мен Отан алдындағы борышқа деген жауапкершілікті арттыру мақсатында маңызды кездесу өтті.
Кездесуге Талдықорған қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы, полковник Дүйсебеков Мақсат Қуанышұлы және Жетісу облысының ардагерлермен жұмыс жөніндегі инспекторы, отставкадағы подполковник Асханбаев Талғат Биғабатұлы арнайы шақырылды.
Іс-шара барысында әскери-патриоттық клуб ашудың маңыздылығы, жастарды Отан қорғауға насихаттау, әскери қызметке қызығушылықты арттыру бағытындағы үгіт-насихат жұмыстары кеңінен талқыланды.
Мақсат – өскелең ұрпақты елжандылыққа баулу, ерлік пен батырлық рухында тәрбиелеу.