І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті «Jas galym-2026» жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыруға арналған университетішілік байқауын жариялайды.
Өтінімдер келесі бағыттар бойынша қабылданады:
- Білім беру: әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары және технологиялар;
- Жасанды интеллект және нейрожүйелер;
- Жасанды интеллект технологияларын экономика, өндіріс, білім беруде қолдану.
- Білім беру, экономика және ғылымдағы цифрлық технологиялар;
Байқауды өткізу кезеңдері:
1. Өтінімдерді қабылдау – 2025 жылғы 6 қазаннан – 20 қазанға дейін;
2. Сараптама комиссиясының алдында жобаларды қорғау/таныстыру – 2025 жылғы 20 қазан — 24 қазан;
3. Сараптама комиссиясының берілген өтінімдерді бағалауы – 2025 жылғы 24 қазанға дейін;
4. Нәтижелерді жариялау және гранттарды тапсыру – 2025 жылғы 28-31 қазан, конкурс жеңімпаздарымен (бұдан әрі-грант алушылар) 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін шарттарды рәсімдеу;
5. Жобаларды іске асыру – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін;
6. Сараптама комиссиясына орындалған ҒЗЖ нәтижелері туралы есептерді ұсыну – тоқсан сайын (30-шы күнге дейін, наурыз, маусым, қазан);
7. Сараптама комиссиясының орындалған ҒЗЖ нәтижелерін бағалауы және ҒЗЖ қабылдау актілерін рәсімдеуі – желтоқсан 2026 ж.
Конкурсқа қатысу ережелері мен талаптары:
- Байқауға ұжымдық өтінімдер қабылданады.
- Ұжымдық өтінім конкурсына берген кезде оны берген қатысушылар өз қатарынан ҒЗЖ басшысын айқындайды. Әрбір ұжымдық өтінімде бір ғана жоба жетекшісі бола алады.
- Конкурстың әрбір қатысушысы тек бір өтінімге қатыса алады.
- Жоба жетекшілері 3 реттен артық қатыса алмайды. Жобаның әр орындаушысы тек 3 рет қатыса алады.
- Зерттеу тобы, оның ішінде жоба жетекшісі 18–40 жас аралығындағы 3–5 қатысушыдан тұруы керек. Бұл талапты бұзған жағдайда сараптама комиссиясының алдында негізделуі тиіс. Ақпарат Грант туралы келісімде көрсетілген.
- Бір жоба үшін сұратылатын қаржыландыру сомасы 2 млн. теңгеден аспауы тиіс.
- Ұсынылатын жұмыстардың қорытынды нәтижесі дайын техникалық бұйымды (жұмыс прототипін), конкурс бағыттарына сай келетін өнеркәсіптік үлгіні не осы конкурста ұсынылған салаларды дамытудың қолданылатын стратегиясын әзірлеу болуы тиіс.
Өтінімді рәсімдеуге қойылатын талаптар:
- Өтінімге қоса берілетін құжаттардың жалпы көлемі машинамен басылған мәтіннің 10 бетінен аспауы тиіс (қаріп – Times New Roman, кегль – 12, жоларалық интервал – бір, өрістер – барлық жағынан 2 см).
- Өтінімдер электронды және баспа түрінде, университеттің Басқарма Төрағасы – Ректордың бұйрығымен белгіленген мерзімде Ғылыми жобалар және технологияларды коммерцияландыру кеңсесіне, сондай-ақ projects.zhu@gmail.com электрондық поштаға беріледі. Өтінімдер баспа түрінде қатысушылардың және ҒЗЖ жетекшісінің қолы қойылған жеке данада ұсынылады.
- Осы Ережеде белгіленген талаптарды бұза отырып ресімделген немесе белгіленген мерзімнен кейін ұсынылған конкурс шарттарына сәйкес келмейтін өтінімдер қарауға қабылданбайды және конкурсқа қатыспайды. Конкурсқа жіберілген материалдар қайтарылмайды.
#SDG #ЦУР #ТДМ

