І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері арасында 25 қазан Республика күнінің 35 жыл толуына орай «Тәуелсіз елдің жас спортшылары» атты футбол жарысы өткізілді.
Мақсаты:
- салауатты өмір салтын насихаттау.
- жекелей спорттық шеберлікті жетілдіру.
- студенттердің денсаулығын және қарым-қатынасты нығайту.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар:
1 орын — 3-курс білім алушыларынан құралған «Кәлпе» командасы
2 орын — 4-курс білім алушыларынан құралған «Жетісу» командасы
3 орын — 2-курс білім алушыларынан құралған «Номад» командасы

