





10 қараша 2025 жылы И. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Жасанды интеллект негізінде білімгерлердің ғылыми-зерттеу мәдениетін жаңғырту» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Семинар мақсаты — заманауи жасанды интеллект технологияларын оқу үдерісіне енгізу арқылы студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу құзыреттілігін арттыру, олардың зерттеу мәдениетін дамыту және академиялық жазылымдағы дағдыларын нығайту.
Семинар спикері Гуманитарлық факультеттің ғылыми жұмыс жөніндегі декан орынбасары, Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушы-дәріскері, педагогика ғылымдарының магистрі Гүлдана Келісқызы Тұрабай жүргізді.
Семинар барысында қатысушылар:
• ғылыми зерттеу жүргізудің заманауи тәсілдерімен;
• жасанды интеллектті деректерді талдауда, ғылыми мәтін жазуда және зерттеу барысын жоспарлауда қолдану мүмкіндіктерімен;
• студенттердің зерттеу белсенділігін арттыруға бағытталған әдістемелермен;
• академиялық этика және деректермен жұмыс істеудің талаптарымен танысты.
Шараға қатысқан оқытушылар, студенттер және магистранттар AI құралдарының (Capilot, ResearchRabbit, Scite, Scopus AI Tools және т.б.) ғылыми-зерттеу жұмысын жүйелеудегі рөлі, ақпаратты өңдеу жылдамдығын арттыруы және академиялық ресурстарға қолжетімділікті кеңейтуі туралы практикалық мәлімет алды.
Семинар барысында «KazEngRu» ғылыми студенттік қоғамының мүшесі, «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 3 курс білімгері Кенесбаева Асель өз тәжірибесімен бөлісті.Ол жасанды интеллект құралдарын ғылыми әдебиеттерді іздеуде, деректерді талдауда және зерттеу мәтіндерін құрылымдауда қолданудың тиімділігін атап өтіп, AI платформалары оның жеке зерттеу жобаларына айтарлықтай көмектескенін жеткізді. Асельдің тәжірибесі студенттердің ИИ технологияларын зерттеу жұмыстарында нәтижелі қолдану мүмкіндіктерін айқын көрсетті.
Семинар студенттер мен магистранттардың зерттеу жұмысының сапасын арттыруға, академиялық мәдениетін нығайтуға, ғылыми деректер базасымен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталды. Қатысушылар бұл шараның олардың ғылыми-зерттеу қызметіне үлкен серпін бергенін атап өтті.
Іс-шара Huawei орталығында өткізіліп, факультет ішінде ғылыми-инновациялық бастамаларды қолдауға және білім алушылардың зерттеу әлеуетін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасы болды.
#SDG #ЦУР #ТДМ

