Жуырда І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенті Әлихан Әскербай Манама қаласында өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында өнер көрсетіп, екі рет әлем рекордын жаңартты. Ол жұлқа көтеруде 144 келі, ал серпе көтеруде 172 келіні еңсерді. Екі нәтиже де жасөспірімдер арасында әлем рекорды болып тіркелді. 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, алтыннан алқа таққан Әлихан Әскербайды бүгін Басқарма Төрағасы-Ректор Ермек Бөрібаев құттықтап, Жетісу университетінде тегін білім алуы үшін грант сертификатын табыстады.
⚜️ “Білім ордасында еліміздің мерейін үстем еткен Әлихандай спортшы студент барына мақтанамыз. Қазақстанның көк байрағын әлемдік ареналарда желбіретіп, абыройын асқақтатты. Өзі білім алып жатқан университетінің имиджін көтерді. Мен болашақта Әлиханның олимпиада ойындарына қатысып, чемпион атанатынына сенемін. Осы жолда жас чемпионға сәттілік тілеймін, еліміздің мақтанышына айналған бала тәрбиелегені үшін ата-анасына алғыс айтамын”, — деді ректор.






