«Жылдың үздік параспортшысы»

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Қуаныш Асқарбековты «Халық сүйіктісі» байқауында «Жылдың үздік параспортшысы» номинациясы бойынша жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жеңіс — қажырлы еңбек пен рухтың мықтылығын дәлелдейтін зор жетістік. Алдағы спорттық жолыңыз жарқын жеңістерге толы болсын!
Біз Сізбен мақтанамыз! 💪