2025 жылдың 8–15 қараша күндері Тайланд астанасы Бангкок қаласында өткен джиу-джитсудан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушылары жоғары нәтиже көрсетті:
🥈 Кенжебай Дарын – жастар (U21) арасында 62 кг салмақта ІІ орын
🥈 Талғатқызы Данагүл – жастар арасында 70 кг салмақта ІІ орын
🥈 Байбатыр Бекжан – жасөспірімдер (U18) арасында 62 кг салмақта ІІ орын
Жеңістеріңіз құтты болсын! Алдағы жарыстарда сәттілік пен биік шыңдарды бағындыруды тілейміз! 🏆




