«Заң — қоғамның жүрегі»

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-ассистенті А. Бараков ДҚ 411 тобының білім алушыларымен бірге «Заң — қоғамның жүрегі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Іс-шара барысында заңның қоғамдағы рөлі, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және азаматтық жауапкершілік жайлы мәселелер қозғалды. Студенттер белсенділік танытып, пікір алмасуға қатысты.