Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-дәріскерлері — педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Н.М. Адамкулов және педагогика ғылымдарының кандидаты М.С. Мырзаканов «Қазақтың қолөнері, музыкасы және ұлттық аспаптары» тақырыбында тәрбиелік мәні зор тәрбие сағатын өткізді. Шара барысында ұлттық мәдениетіміздің құндылықтары кеңінен таныстырылып, студенттерге қазақ халқының салт-дәстүрі мен өнері жайлы танымдық ақпарат берілді.

