Жетісу облысының колледж студенттері арасындағы «Кәсіпкерлікті қолдау: Smart экономика» облыстық интеллектуалдық байқауында жоғары нәтижелерге қол жеткізген «Zhansugurov College» командаларын шын жүректен құттықтаймыз!
«IQ Smart Qyzdar» командасы — II дәрежелі диплом
«Bizupp» командасы — III дәрежелі диплом
Бұл жетістік — қатысушылардың еңбегі мен талпынысының, шығармашылығы мен ынтымақтастығының нәтижесі.
Арнайы алғысымызды командалардың жетекшілері, арнайы пәндер оқытушылары Уклинова Каршыга Едиловна мен Бағдатқызы Айданаға білдіреміз! Сіздердің қолдауларыңыз бен бағыт-бағдарыңыз студенттердің үлкен жеңістерге жетуіне негіз болды.

