Дене шынықтыру және өнер факультетінің ФКР 311, ФКР 411 топтарының кураторы С.Сочин “Таза сессия” акциясы аясында семинар өткізді. Семинардың мақсаты – студенттерге академиялық адалдық ұстанымдарын түсіндіру, әділ және ережеге сай емтихан тапсырудың маңыздылығын ұғындыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оқу үдерісінде жауапкершілік пен тәртіпті арттыру.

