І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру білім беру бағдарламасының білім алушыларына оқытушы-дәріскері К. Джанабаев «Таза сессия» акциясы аясында семинар өткізді.
Семинардың мақсаты – студенттер арасында академиялық адалдықты нығайту, сессия кезінде әділдік пен жауапкершілік қағидаттарын сақтау қажеттілігін түсіндіру және адал білім алудың маңыздылығын дәріптеу.

