І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті,
Дене шынықтыру және өнер факультетінде
«Бастапқы әскери дайындық» және «Дене шынықтыру» білім беру бағдарламаларының 3–4 курс білім алушыларына арналған педагогикалық және өндірістік-педагогикалық практикаға байланысты ұйымдастыру конференциясы өтті.
Конференция барысында практика кезеңінің мақсат-міндеттері түсіндіріліп, білім алушыларға әдістемелік нұсқаулықтар мен талаптар таныстырылды. Сонымен қатар, алдағы жұмыстардың бағыттары мен жауапкершіліктері нақты айқындалды.

