Бүгін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында студенттер арасында өткен «Жасыл хакатон – 2026» экологиялық инновациялық идеялар байқауы өз мәресіне жетті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл байқау жастардың қоршаған ортаны қорғауға бағытталған тың жобаларын қолдауды мақсат етеді.
⚜️ Хакатонға «Грин сайкл», «Экобэлэнс», «Эколоу», «Стар», Жансүгіров колледжінің командасы, «Грин хакерс», «Байоуолл тим», «Ворлд дестройер», «Жасыл білім», «Экодизайн», «Экобэнк», «Квантум лип», «ThePlastiCycle» сынды барлығы 13 команда қатысып, өз жобаларын қорғады.








