«Zhansugurov College»-де білім алушылар жастар арасында өзекті мәселелердің бірі — ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында арнайы ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында мамандар жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы, жауапкершілік, өмірлік жоспар құру және дұрыс таңдау жасау тақырыптарында пайдалы мәліметтермен бөлісті.

