І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінде «Заманауи оқытушы және жасанды интеллект: озық тәжірибе алмасу» тақырыбында шебер-сынып жоспарына сәйкес іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында факультеттің қауымдастырылған профессорының м.а. (доцент), PhD З.Е. Шагатаева «Ғылыми жұмыста қолданылатын жасанды интеллект құралдары: ғылыми мақала жазуда әдебиеттерді іздеу, деректерді талдау және дереккөздерді рәсімдеу» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар оқытушы-ассистенттер А.М. Байзакова және А.Қ. Абден «Жасанды интеллект – оқытушының көмекші құралы ретінде: дәріс материалдарын дайындау, семинар сабақтары мен білім алушылардың өзіндік жұмыс тапсырмаларын әзірлеу» тақырыбында баяндама ұсынды.
