«Zhansugurov College» студенттерімен маңызды кездесу өтті

«Zhansugurov College» студенттерімен маңызды кездесу өтті. Іс-шараға Талдықорған қаласының ювеналды полиция лейтенанты А.Ж. Утегулов, Талдықорған ҚПБ ҚҚБ Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Айнур Тлеухановна Кагазбекова, «Жанұя» отбасын қолдау орталығының заңгері Айдарбек Билибекович Намазбаев және орталық психологі Индира Ибраимова қатысты.
Кездесу барысында студенттерге кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары, құқықтық сауаттылықты арттыру және психологиялық қолдау көрсету мәселелері түсіндірілді.

AI Assistant