«Мұғалім мамандығына кіріспе»

19.02 күні 6В01406 – «Көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламасының КЕҚ 111 және ХГПР 111 топтарының 1 курс білім алушыларына арналған «Мұғалім мамандығына кіріспе» педагогикалық практикасы бойынша ұйымдастыру конференциясы өткізілді.
Конференция барысында студенттерге педагогикалық практиканың мақсаттары мен міндеттері, мазмұны, өту кезеңдері, есептік құжаттамаға қойылатын талаптар, сондай-ақ білім беру ұйымдарында практикалық қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері түсіндірілді. Студенттер практикадан сәтті өту үшін қажетті әдістемелік ұсынымдар алып, ұйымдастыру мәселелері бойынша сұрақтарына жауаптар алды.

AI Assistant