Дене шынықтыру және өнер факультетінің «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» білім беру бағдарламасының 3 курс БДҚ-311 топ студенттеріне педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы өткізілді.
Конференцияның мақсаты – педагогикалық практика кезеңін қорытындылау, студенттердің кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін бағалау және практика барысында жинақталған тәжірибелерді талдау болды.
Іс-шара барысында білімгерлер практика өткен білім беру ұйымдарындағы атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, өткізген сабақтары мен тәрбиелік іс-шараларының нәтижелерін таныстырды.

