Дене шынықтыру және өнер факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 1 курс білім алушыларына «Мұғалім мамандығына кіріспе» педагогикалық практикасы бойынша ұйымдастыру конференциясы өткізілді.
Мақсаты – білім алушыларды педагогикалық практиканың мазмұны, мақсат-міндеттерімен таныстыру, практика кезеңінде атқарылатын жұмыс бағыттарын түсіндіру және болашақ мұғалімнің кәсіби бейнесін қалыптастыруға бағыт-бағдар беру.
Іс-шара барысында практика бағдарламасы, құжаттарды рәсімдеу тәртібі, бағалау критерийлері және білім беру ұйымдарындағы ішкі тәртіп ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар студенттердің педагогикалық этика, жауапкершілік және кәсіби мәдениет талаптарын сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

