2026 жылы 12 наурызда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-ассистенті, PhD докторант, педагогика ғылымдарының магистрі Саржигитов Ерик Тортаевич «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. Бұл марапат — ұстаздың педагогикалық қызметке қосқан өлшеусіз үлесін мойындау және оның еліміздің білім жүйесін дамытуға сіңірген еңбегінің айқын дәлелі. Әріптесімізді жоғары дәрежедегі жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

