І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетіне қарасты «Шабыт» еріктілер тобы қаламыздағы Облыстық мамандандырылған бөбектер үйіне арнайы барып, кішкентай бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады. Олар балалармен уақыт өткізіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, өздерінің шағын сыйлықтарын табыстап, игі іс атқарып қайтты.

