Семинар

«Ғылыми жұмыстардағы библиографиялық дереккөздер мен библиографиялық сілтемерді ресімдеуге қойылатын замануи талаптар» тақырыбындағы семинар

2025 жылғы 20 наурызда дене шынықтыру және өнер факультетінің профессор-оқытушылар құрамымен «Ғылыми жұмыстардағы библиографиялық дереккөздер мен библиографиялық сілтемерді ресімдеуге қойылатын замануи талаптар» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: Ғылыми жұмыстарда пайдаланылатын библиографиялық дереккөздер мен оларға жасалатын библиографиялық сілтемелерді қазіргі талаптарға сәйкес дұрыс рәсімдеу жолдарын қарастыру, зерттеушілердің, студенттер мен оқытушылардың академиялық жазу мәдениетін қалыптастыру және ғылыми еңбектердің сапасын арттыру.

       Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының менгерушісі, PhD докторы Э. Баженова кіріспе сөздерінде ғылыми жұмыстарда қолданылатын библиографиялық дереккөздер мен сілтемелердін рөлін анықтады; дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының оқытушы-дәріскері, п.ғ.к. А.Куракбаева ғылыми жұмыстарда қолданылатын библиографиялық дереккөздер мен сілтемелерді рәсімдеудің негізгі қағидаларына презентация жасады; дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының  оқытушы-дәріскері, м.ғ.к. Г.Галиева библиографиялық тізім мен мәтін ішіндегі сілтемелерді рәсімдеудің заманауи стандарттарымен таныстырды; Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының 3 курс студенті А.Хлюпина «Способы соблюдения принципов академической честности и предотвращения плагиата» тақырыпта баяндамасымен таныстырды; дене шынықтыру және өнер факультетінің ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі деканның орынбасары, PhD докторы З.Шагатаева  «Ғылыми мақалалар, дипломдық жұмыстар, диссертациялар жазу барысында дереккөздерге дұрыс сілтеме жасау» тақырыбында презентация жасады және қатысушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын рәсімдеуде сұрақтарына толықты ақпарат берді.

Дене шынықтыру және факультеті

AI Assistant