⚜️ «Заң мен тәртіп» аясында «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» білім беру бағдарламасының студенттерімен кураторлық сағат өткізілді.
📌 Іс-шараның мақсаты – студенттер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу.
⚜️ Кураторлық сағат барысында студенттерге нашақорлықтың алдын алу және буллингтің зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, тақырыпқа байланысты танымдық фильм көрсетіліп, оның мазмұны бойынша студенттер өз ойларымен бөлісіп, белсенді пікір алмасты.

