«AI Sana – Digital Kazakhstan: Projects of the Future» республикалық студенттік жобалар конкурсы

«AI Sana» мемлекеттік бағдарламасы аясында және елдегі цифрлық трансформацияны қолдау мақсатында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «AI Sana – Digital Kazakhstan: Projects of the Future» атты республикалық студенттік жобалар конкурсы өтті.

Байқаудың іріктеу кезеңінен еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының 14 командасы финалға өтті.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Ермек Бөрібаев студенттердің ЖИ саласындағы бастамалары болашақта табысты стартаптарға айналып, ел игілігіне қызмет ететініне сенім білдірді.

Байқауға IT және бизнес саласының өкілдері: Жетісу облысы әкімдігінің ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту бөлімінің басшысы А. Хамзинова, Жетісу облысы кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің жетекшісі Ә. Исмаил, «Қазақтелеком» АҚ өкілі С. Қалиев, «ASMA Industrial» ЖШС IT бөлімінің басшысы С. Чернышев және «Еуразиялық банк» АҚ филиалы директорының орынбасары С. Осинская қазылық етті.

Идеяның жаңашылдығы мен бірегейлігі, практикалық маңыздылығы, технологиялық деңгейі және жобаны таныстыру білігі бойынша жүлделі I орынды (500 мың теңге) М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «IPT Group» командасы жеңіп алды. Байқаудың II орынын (300 мың теңге) І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Zhetysu AI», Yessenov University — «NB-371» командалары иеленді. III орын (100 мың теңге) Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың «QalqanAI», ҚазҰҚызПУ «SERPIN» және Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ — «AI-OSINT» командаларына берілді. Сондай-ақ, барлық қатысушы командалар номинациялар бойынша марапатталды.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant