Дене шынықтыру және өнер факультетінің «Көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне «Мұғалім кәсібіне кіріспе (педагогикалық практика)» бойынша қорытынды конференциясы өткізілді.
Конференция барысында студенттердің педагогикалық практикадан алған тәжірибелері қорытындыланып, олардың кәсіби қалыптасуындағы алғашқы нәтижелері талқыланды. Практика кезінде атқарылған жұмыстар, жинақталған тәжірибе, кездескен қиындықтар мен жетістіктер туралы пікір алмасу ұйымдастырылды.
Оқытушылар студенттердің белсенділігін атап өтіп, болашақ мұғалім ретінде кәсіби құзыреттіліктерін дамытудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, алдағы оқу үдерісінде педагогикалық шеберлікті жетілдіруге бағытталған ұсыныстар берілді.

