6B01516 – «География» білім беру бағдарламасының 2 курс ГҚ, ГП, ГР топтары білімгерлерінің педагогикалық іс-тәжірибесі

2026 жылдың 12 наурыз күні 6B01516 – «География» білім беру бағдарламасының 2 курс ГҚ, ГП, ГР топтары білімгерлерінің педагогикалық іс-тәжірибесі бойынша қорытынды конференциясы өтті.

Білімгерлер педагогикалық іс-тәжірибеден Талдықорған қаласындағы №9, №10, №17, №19 және №29 жалпы білім беретін мектептер базасында өтті.

Конференцияға практикаға жауапты оқытушылар: PhD, оқытушы-дәріскер Керімбай Баян Сүлейменқызы, оқытушы-дәріскер Дюсембинова Сәуле Мырзабековна және Джексембаев Данияр Талғатович қатысты.

Конференция барысында білімгерлер практика нәтижелерін таныстырып, өткізген сабақтары мен тәрбие жұмыстарына талдау жасады. Сонымен қатар практика барысында қолданылған әдіс-тәсілдер мен білім беру платформалары туралы баяндап, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Білім алушылар практика бойынша есептерін ұсынып, тиісті құжаттарын тапсырды. Педагогикалық іс-тәжірибе болашақ мұғалімдердің кәсіби дағдыларын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

AI Assistant