«Патент деген не? Патент алу шарттары»

Ғылым декадасы аясында 2026 жылғы 7 сәуір күні физика-математика факультетінде «Патент деген не? Патент алу шарттары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар мен жас ғалымдардың зияткерлік меншік саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру, ғылыми жаңалықтарды қорғау тетіктерімен таныстыру және инновациялық идеяларды коммерцияландыру мүмкіндіктерін түсіндіру болды.
Семинар жүргізушісі – техника ғылымдарының кандидаты Ж.Ш. Узденбаев. Ол өз баяндамасында патенттің мәні мен маңызын жан-жақты түсіндіріп, патент алудың негізгі кезеңдері, қажетті құжаттар тізімі, өтінім беру тәртібі және сараптамадан өту ерекшеліктері туралы нақты ақпарат берді. Сонымен қатар, қатысушыларға Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жүйесі мен халықаралық патенттеу мүмкіндіктері жөнінде кеңінен мәлімет ұсынылды.
Іс-шара барысында студенттер мен жас зерттеушілер тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар беріліп, нақты практикалық мысалдар арқылы патент алу үдерісінің ерекшеліктері түсіндірілді. Семинар қатысушылары ғылыми жобаларды рәсімдеу, авторлық құқықты қорғау және өз идеяларын заңды түрде тіркеу жолдары бойынша пайдалы тәжірибе алды.
Аталған семинар ғылым мен инновацияны дамытуға, студенттердің зерттеушілік әлеуетін арттыруға және олардың ғылыми қызметке деген қызығушылығын нығайтуға бағытталған маңызды алаң болды.

AI Assistant