Біздің колледжде 2026 жылдың 7–24 сәуір аралығында арнайы пәндер апталығы ұйымдастырылып өтуде. Аталған апталықтың басты мақсаты – студенттердің кәсіби білімін тереңдету, шығармашылық қабілеттерін дамыту және оқытушылардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.
Апталық аясында ашық сабақтар, семинар-тренингтер, танымдық іс-шаралар мен түрлі тақырыптық кездесулер жоспарланған. Әрбір өткізілетін сабақта заманауи оқыту әдістері қолданылып, студенттердің белсенді қатысуына ерекше мән берілуде.
Сонымен қатар, апталық барысында тәрбиелік маңызы зор тақырыптар қамтылып, білім алушылардың жан-жақты дамуына ықпал жасалуда.
Арнайы пәндер апталығы – білім мен тәжірибені ұштастырып, кәсіби шеберлікті арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі.

