«Dragons’ Den» телебағдарламасы негізінде жобалық форматтағы ашық сабақ

2026 жылғы 10 сәуірде Құзіреттер мен қосымша білім беру орталығында ағылшын тілі курстары тыңдаушылары арасында британдық «Dragons’ Den» телебағдарламасына негізделген жобалық жұмыс форматында ашық сабақ өткізілді.

Аталған жобалық жұмысқа көптілді білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан МПҚ-111, МПҚ-311, АСТддқ-111 және ССМҚ-111 топтарының білімгерлері белсенді түрде қатысты.

Іс-шараға әділқазылар алқасы ретінде ағылшын тілі курсының түлектері арнайы шақырылып, қатысушылардың жобаларын бағалады.

Бұл сабақтың негізгі мақсаты – білімгерлердің ағылшын тілінде еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру, топтық жұмыс барысында бірлесе әрекет ету қабілеттерін дамыту, сондай-ақ креативті ойлау дағдыларын қалыптастыру болды.

Жобалық жұмыстардың қорытындысы бойынша үздік жұмыс анықталып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant