«AgriScience Futures 2026: Ауыл шаруашылығы ғылымындағы заманауи өзгерістер» халықаралық форсайт-конференция

Ғылым декадасы аясында Жаратылыстану-техникалық факультетінің ұйымдастыруымен «AgriScience Futures 2026: Ауыл шаруашылығы ғылымындағы заманауи өзгерістер» атты халықаралық форсайт-конференция өтті.

Форсайт-конференцияда Марке политехникалық университеті (Италия): Marco Fiorentini – доктор философии (PhD), «Precision Agriculture & AI for Agronomic Decision Support and Field Action» тақырыбында баяндама жасады.

Сондай-ақ, Спикерлер қатарында:
• Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті: Акмуллаева А.С.
• Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті: Букенова Э.А.
• Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті: Раимбекова Б.Т.
• І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті: Арынова М.А. және басқа да жетекші ғалымдар болды.

Конференция барысында ауыл шаруашылығы ғылымындағы заманауи трендтер, инновациялық технологиялар, агроэкология және тұрақты даму бағыттары кеңінен талқыланып, мазмұнды пікір алмасу өтті. Халықаралық деңгейдегі бұл басқосу ғылыми ынтымақтастықты нығайтып, бірлескен жобалар мен жаңа бастамалардың негізін қалады.

Іс-шара соңында барлық спикерлер мен қатысушыларға Басқарма Төрағасы – Ректордың Алғыс хаты табысталды.

Ғылым мен инновация тоғысқан бұл алаң аграрлық саланың болашағына бағыт-бағдар беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant