«Ғарышкерлік-ерлік пен ғылым мектебі» атты мерекелік іс шара

Талдықорған қаласындағы №14 мектеп гимназиясында ғарышкерлер күніне орай «Ғарышкерлік-ерлік пен ғылым мектебі» атты мерекелік іс шара өтті.

Кездесуге І Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жаратылыстану пәндері кафедрасының қауымдастырылған профессоры, г.ғ.к. өлкетанушы Е.Тоқпанов, қалалық білім бөлімінің мамандары, ардагер ұстаздар қатысты.

Іс шараның мақсаты- жас ұрпақты отансүйгіштікке, береке бірлік пен ынтымақтастыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Шара барысында №14 мектеп гимназиясының түлегі, ғарышкер Айдын Ақанұлы Айымбетовқа арналған даңқ бұрышы ашылды.

Ғылым күніне орай мектеп оқушылары тарих, өлкетану, химия, биология және нувизматика бойынша жасаған үздік ғылыми жобаларын қорғады.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant