Академиялық адалдық саясатына арналған жиын

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің физика-математика факультетіне басқа жоғары оқу орындарынан ауысып келген студенттер үшін академиялық адалдық саясатына арналған кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – студенттерді университеттің ішкі тәртіп ережелерімен, академиялық адалдық қағидаларымен және оқу процесіндегі талаптармен таныстыру.

Кездесуге академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Г. Қыдырбаева, тіркеу офисінің директоры Н.Жанатбекова қатысты. Олар студенттерге академиялық адалдықтың маңыздылығы, плагиаттың алдын алу, емтихан барысында тәртіп сақтау және университеттің академиялық саясаты туралы жан-жақты ақпарат берді.

Сонымен қатар «Таза сессия» акциясы аясында емтихан кезінде ұялы телефон, құлаққап және басқа да рұқсат етілмеген заттарды қолдануға қатаң тыйым салынатынын ескертті. Студенттерге адал еңбекпен білім алудың маңыздылығы түсіндіріліп, академиялық тәртіпті сақтау – олардың жеке жауапкершілігі екені айтылды.

Кездесу соңында спикерлер студенттерге алдағы емтихан сессиясын адал әрі сәтті тапсыруларына тілектестік білдірді.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant