














Жетісу Университетіне италияндық жазушы, эколог, Орталық Азия аймағы бойынша сарапшы Роберто Болтри мырза келіп, университет басшылығымен, Гуманитарлық факультет ұжымымен, студенттерімен және Халықаралық ынтымақтастық орталығы өкілдерімен кездесті. Іс-шараға Ғылыми жұмыс және интернационалдандыру жөніндегі проректор А.С. Бахтаулова, Гуманитарлық фаультет деканы Р.С. Желдібаева, Халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры Т.Б. Қилыбаев қатысты.
Кездесу барысында Роберто Болтри мырза өзінің Орта Азиядағы жүзеге асырған халықаралық жобалары, соның ішінде Арал теңізіне қатысты экологиялық жобасын таныстырды. Сонымен қатар, ол өзінің жеке туындысы — “Ұмытылған қасірет” кітабы туралы айтып, бірнеше данасын Тарих және әлеуметтік пәндер кафедрасының оқытушылары мен білім алушыларына тарту етті.
Роберто Болтридың іссапары Жетісу университеті базасында орналасқан Марке политехникалық университетінде жалғасын тапты. Қадірлі қонақ “Агрономия” қос дипломды бағдарламасының студенттерімен және шақырылған италияндық оқытушы Марко Фиорентинимен кездесіп, екі ел арасындағы мәдени байланыстың, білім берудің пайдасы мен маңыздылығын талқылады. Сөз соңында Болтри мырза Экология кафедрасының меңгерушісі проф. Ж.Ж. Қанағатовқа экология тақырыбына байланысты өзінің авторлық кітаптарын сыйға беріп, олар филиал офисының сөрелерінде орын тапты.
Сонымен қатар, шетелдік қонақ Биотехнология және экология ғылыми-зерттеу институты ғылыми зертханаларының жұмысымен танысып, Жетісу университетінің халықаралық ғылым кеңістігінде табысты болуын тіледі.
#SDG #ЦУР #ТДМ

